Директор блогы » Мукуми атындағы №105 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Муқуми атындағы №105 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(7223) 43-71-30
Учительская:
+7(7223) 43-71-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қыркүйек
2022

Директор блогы

       ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МУКУМИ                               АТЫНДАҒЫ №105 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ"                                                 КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
     
                            Қош келдіңіздер!

   Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
      Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
      Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.    
 

    Өмірбаян  
        Даулетбаева Индира Меиржановна- 25.03.2022 жылдан бастап Шымкент қаласы білім басқармасы, Еңбекші             ауданы, Мукуми атындағы №105 жалпы орта   білім беретін мектебінің директоры қызметін атқаруда.
 1988 жылы 26 қарашада Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 
 1994-2005 жылдар аралығында Б. Оңтаев атындағы жалпы орта мектебін "Үздік" аттестатқа бітірген.
 2005-2009 жылдары Шымкент қаласы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінде "Химия"   мамандығын үздік бітірген.    
 2013 жылы еңбек жолын Әл-Фараби ауданы, А. Навои атындағы №11 жалпы орта мектебінде химия-биология пәнінің   мұғалімі болып бастаған.
 2015-2022 жылдың наурыз айына дейін А. Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу   жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 
     Санаты: Педагог- зерттеуші

Похожие публикации:

19 қазан 2019 Жалпы ережелер